Өзбекстан Президенті Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Минск қаласына келгеннен кейін Жеңіс монументіне гүл шоғын қойды.
Әскери оркестрдің орындауында екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының сарбаздары салтанатты шерумен өтті.
Сапардың негізгі іс-шаралары 9 шілде күні өтеді. Тәуелсіздік сарайында Өзбекстан мен Беларусь басшылары келіссөз жүргізеді.





