Өзбекстан мен Жапония энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Өзбекстанда энергетика саласын жаңғыртуға, электр энергиясын өндіру мен тасымалдау инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ заманауи технологиялар мен инвестициялар тартуға айрықша мән беріліп келеді. Бұл ретте шетелдік әріптестермен инвестициялық және технологиялық серіктестікті кеңейту маңызды бағыттардың бірі болып отыр.
Осы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Өзбекстан Республикасы Энергетика министрі Шерзод Хжаев пен Жапонияның экономика, сауда және өнеркәсіп жөніндегі мемлекеттік министрі Кэндзи Ямада арасындағы кездесуде талқыланды.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар екі елдің энергетика саласындағы серіктестігін одан әрі кеңейту, қолданыстағы жобаларды тиімді жүзеге асыру және жаңа бастамаларды ілгерілету перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Атап айтқанда, Жапонияның жетекші энергетикалық компанияларының қатысуымен Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың барысы қаралды. Олардың қатарында электр энергиясын өндіру қуаттарын дамыту, электр желілерін жетілдіру және елдің газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобалар бар.
Сонымен қатар тараптар энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, озық технологияларды тарту және ұзақ мерзімді серіктестіктің жаңа бағыттарын айқындау мәселелеріне назар аударды.
Кездесу соңында өзара тиімді жобаларды ілгерілету, жүзеге асырылып жатқан бастамаларды қолдау және Өзбекстан мен Жапония арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі жүйелі түрде жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.