Өзбекстан газдалған сусындар экспортын едәуір арттырды
2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында Өзбекстан 19 шет мемлекетке 43,2 млн литр газдалған сусын экспорттады.
Ұлттық статистика комитетінің хабарлауынша, оның жалпы құны 19,9 млн АҚШ долларын құраған.
Мәліметтерге сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сусындар экспортының көлемі 28,2 млн литрге артқан. Осылайша, экспорт көлемі шамамен 2,9 есеге өскен.
Атап айтқанда, газдалған сусындар экспортының басым бөлігі Қазақстан еліне тиесілі. Көрші елге 26,8 млн литр өнім жеткізілген.
Сондай-ақ, Қырғызстанға 12,9 млн литр, ал Ресейге 3 млн литр газдалған сусын экспортталған.
Бұдан бөлек, Грузияға 123,2 мың литр, Моңғолияға 99,3 мың литр өнім жеткізілген. Қалған мемлекеттерге жалпы көлемі 319,8 мың литр экспорт жасалған.
Бұл көрсеткіштер Өзбекстанның сусын өндірісі саласында экспорттық әлеуеті артып, сыртқы нарықтағы үлесі кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.