Теннис: Мария Тимофеева Түркияда чемпион атанды
Теннистен Өзбекстан құрамасының үшінші нөмірлі ракеткасы Мария Тимофеева Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен әйелдер арасындағы WTA125 халықаралық турнирде бас жүлдені жеңіп алды.
Финалда ол хорватиялық Донна Векичке қарсы ойнады. Екі сетке созылған матчта Мария 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетіп, турнир чемпионы атанды.
Бұл жеңіс Марияға 15 500 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақы мен WTA рейтингінің 125 ұпайын әкелді. Ал жарыстың күміс жүлдегері Донна Векич 8 400 АҚШ доллары және 81 рейтингтік ұпайға ие болды.