Таэквондо: Ёсинбек Одилов ел қоржынына алғашқы алтынды салды
Ташкент қаласында өтіп жатқан таэквондо WT бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында Өзбекстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Ёсинбек Одилов жарыс финалында Оман өкілі Довуд Ал-Юсуфиді 2:0 (5:1, 11:9) есебімен жеңді.
Осылайша, Ёсинбек Одилов жастар арасындағы әлем чемпионы атанып, Өзбекстан қоржынына алғашқы алтын медальды сыйлады.