Пәкістанда тағы бір террорлық шабуыл: 5 адам қаза тапты
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Банну ауданындағы полиция бөліміне бомба тиелген көлік кеп соғылды. Жарылыс салдарынан бес бейбіт тұрғын қаза тауып, 13 адам жарақат алды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға салдарынан күзет нысаны толықтай қираған. Жақын маңдағы бірнеше үй де құлап, көптеген адам үйінді астында қалған.
Айта кетейік, Ауғанстанмен шекарада орналасқан бұл тұрақсыз өңірде террорлық шабуылдар жиі болып тұрады, сондай-ақ «Tahreek-e-Jihad Pakistan» ұйымымен қақтығыстар да жиі тіркеледі.