Наманганда жаңа шаһар бой көтеріп келеді
ФОТОРЕПОРТАЖ
Наманган облысында «Жаңа Наманган» шаһарын салу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Атаулы жоба, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 наурыздағы «Наманган қаласында «Жаңа Наманган» заманауи іскерлік орталығы мен тұрғын үй кешенін құру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы негізінде жүзеге асырылып отыр
Жоба Наманган қаласы, «Давлатабад» және «Турақорған» аудандарындағы жалпы аумағы 1 мың 203 гектар жерді қамтиды. Шаһар құрылысы үш кезең бойынша жүзеге асырылып, бірінші кезең 2018-2021 жылдарға, екінші кезең 2024-2026 жылдарға, үшінші кезең 2026-2030 жылдарға қарай аяқтау жоспарланған.
Бірінші кезеңде 114 тұрғын үйде 3 мың 841 пәтер, 150 орындық балалар ауруханасы, 990 орындық жалпы білім беретін мектеп, 360 орындық мектепке дейінгі білім беру ұйымы және 30-дан астам сауда және қызмет көрсетуге арналған нысаны пайдалануға берілді.
Екінші кезеңде 183 тұрғын үйде 20 мың 490 пәтер салу жоспарланған. Қазіргі уақытта 89 үйде құрылыс жұмыстары басталып, оның 23-і аяқталды. Соның нәтижесінде 2 мың 946 пәтер пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағыда 21 үй салынып, 2 мың 719 пәтерді пайдалануға беру көзделіп отыр.
Айта кетейік, аумақта 6 мектеп, 6 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, аурухана, спорт кешендері, кітапхана, өнер галереясы, ақпараттық технологиялар паркі, қонақ үй, бизнес орталығы, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету нысандары бой көтеріп келеді. Сонымен қатар 58 гектар аумақта «Жаңа Өзбекстан» саябағы ұйымдастырылды.
[gallery-31601]
Жобаның үшінші кезеңде әкімшілік орталық, көпқабатты тұрғын үйлер, қонақ үйлер, бизнес орталықтары мен кеңселер салынады.
Жоба толық жүзеге асқаннан кейін шаһар аумағында 721 тұрғын үй нысанында 50 мыңнан астам пәтер, 28 мектеп, 24 мектепке дейінгі білім беру ұйымы және 5 аурухана салынып, 200 мыңнан астам тұрғынға арналған заманауи шаһар қалыптасатын болады.
суреттерді түсірген Х.МАМАДАЛИЕВ, ӨзА