Жапония мен Үндістан әскери және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтпек
Жапония мен Үндістан әскери және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Мұндай келісім Токиода өткен екі елдің сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің «2+2» форматындағы кездесуінде жасалған.
Келіссөздерге қорғаныс ведомстволарының басшылары Синдзиро Коидзуми мен Раджнатх Сингх, сондай-ақ сыртқы істер министрлері Тосимицу Мотэги мен Субраманьям Джайшанкар қатысқан.
«Біз осы ынтымақтастық арқылы Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы өзара ықпалымызды нығайтуға үміттенеміз», – деді Мотэги кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында.
Бұл келісім Күншығыс елінің әскери күштеріне бірлескен жаттығулар аясында Үндістан аумағындағы полигондарда зымыран ұшыру сынақтарын өткізуге мүмкіндік береді.