Германияда омикрон штаммынан алғашқы өлім тіркелді
Роберт Кох институты бейсенбіде Германияда коронавирустың омикрон штаммынан алғашқы өлім тіркелгенін хабарлады.
Институттың сайтында ұсынылған мәліметке сәйкес, Германияда коронавирустың омикрон нұсқасы анықталған бірінші адам қайтыс болып, науқас 60 пен 79 жас аралығында болғаны және осы өлімге қатысты басқа мәліметтер жарияланбаған.
Қазіргі уақытта Германияда омикрон инфекцияның 810 жаңа жағдайы тіркеліп, вирустың осы нұсқасын жұқтырғандардың жалпы саны 3198 адамға жетті.