Еуропада газ бағасы қымбаттады
Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аясында Еуропада газ бағасы өсті.
ICE Лондон биржасының мәліметіне сәйкес, Еуропада газ бағасы 9 пайызға өсіп, мың текше метр үшін шамамен 576 долларды құраған.
Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аясында наурыз айында Еуропада газдың орташа бағасы ақпанмен салыстырғанда 59 пайызға артқан. Ең жоғары көрсеткіш 19 наурыз күні тіркелген.
Сарапшылардың мәліметінше, кәрі құрлықта газ бағасы 2021–2022 жылдары айтарлықтай жоғары деңгейде болды. Мұндай баға 1996 жылдан бері алғаш рет байқалған. Ал 2022 жыл көктемінің басында газ бағасы рекордтық деңгейге жетіп, мың текше метр үшін 3892 доллар болған еді.