Дания үкіметінде әйел министрлер саны ерлерден асты
Данияның жаңа үкімет құрамында әйел министрлер саны алғаш рет ерлерден асып түсті.
Ел премьер-министрі Метте Фредериксен жаңа коалициялық үкіметті жариялап, онда Дания тарихында тұңғыш рет әйелдер министрлік қызметтерде басымдыққа ие болды.
Жаңа Министрлер кабинетінде әйелдер 21 лауазымның 11-ін иеленіп отыр. Алдыңғы үкімет құрамында олардың үлесі 35 пайыздан аз болған еді.
Жаңа үкіметте Метте Фредериксеннен бөлек, әйелдер еңбекпен қамту және білім беру министрі қызметтерін сақтап қалған.
Сонымен қатар әйелдер экономика және ішкі істер, климат, энергетика және коммуналдық қамтамасыз ету, қала, ауыл және көлік инфрақұрылымын дамыту, денсаулық сақтау, мәдениет, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныс, әлеуметтік мәселелер, Солтүстік ынтымақтастық және қоршаған орта министрліктерін басқаруға тағайындалған.
Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгеріс Даниядағы гендерлік теңдік саясатының жаңа кезеңге көтерілгенін көрсетеді.