Чехия Премьер-министрін ресми қарсы алу рәсімі өтті
30 сәуір күні «Куксарай» резиденциясында Өзбекстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишті ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Резиденция алдындағы алаңда құрмет қарауылы сап түзеді. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев мәртебелі мейманды жылы қарсы алып, оны тұғырға шақырды.

Әскери оркестрдің орындауында Өзбекстан мен Чехияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Көшбасшылары құрмет қарауылының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерімен амандасты.
Рәсім соңында бірлескен суретке түсілгеннен кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.







