АҚШ соты Трамп енгізген тарифтерді заңсыз деп таныды
Манхэттендегі судьялар алқасының шешіміне сәйкес, АҚШ-тың Федералдық сауда соты президент Дональд Трамптың шетелдік импортқа енгізген 10 пайыздық тарифін заңсыз деп таныды.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім 2026 жылдың ақпан айында енгізілген 10 пайыздық тарифтерге қатысты қабылдаған. Осылайша сот шағын бизнес өкілдері мен 20-дан астам штат тарапынан берілген талап-арызды қанағаттандырды. Компаниялар президенттің өз өкілеттігін асыра пайдаланғанын алға тартқан. Алайда бұл шешім тек талапкерлерге және Вашингтон штатына қатысты қолданылады.
Судьялар АҚШ әкімшілігі «сауда тапшылығын» «төлем балансы тапшылығымен» теңестіріп, заңды қате түсіндірген деген қорытындыға келді. Сондай-ақ президенттің атқарушы жарлығы Конгресс келісімінсіз мұндай тарифтерді енгізуге мүмкіндік беретін елеулі халықаралық төлем мәселелерінің бар екенін дәлелдей алмағаны атап өтілді.
Шешімге қатысты пікір білдірген Дональд Трамп оған қарсы дауыс берген судьяларды «радикалды солшылдар» деп атады. «Соттарда мені ештеңе таңғалдырмайды. Сондықтан біз әрдайым өз шешімімізді қабылдаймыз», – деді ол.