«Алтын қалам» сыйлығына байқау жарияланды
Өзбекстан Журналистер одағы бірқатар ұйымдармен бірлесіп ұлттық және халықаралық журналистиканың ең үздік жетістіктерін кеңінен насихаттау, Жаңа Өзбекстан рухына сай жаңаша ойлау жүйесін қалыптастыру, ұлттық контентті байыту, елімізде адам қадірін ұлықтау, адамдардың сана-сезімі мен дүниетанымын кеңейту, қоғамда ашықтық ортасын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің азаматтық ұстанымын танытуына жағдай жасау, сондай-ақ журналистердің сындарлы-талдамалық ойлауын және шығармашылық қызметке жаңаша көзқарасын ынталандыру мақсатында «Алтын қалам» ХХ Ұлттық сыйлығы үшін халықаралық байқау жариялайды.
Байқаудың басты сыйлықтары
1 Ұлттық бас жүлде
Телевидение бағыты бойынша
Үздік журналистік материал үшін ұлттық сыйлық (1-, 2-, 3-орындар);
Радио бағыты бойынша
Үздік журналистік материал үшін ұлттық сыйлық (1-, 2-, 3-орындар);
Баспа басылымдары бағыты бойынша
Үздік журналистік материал үшін ұлттық сыйлық (1-, 2-, 3-орындар);
Интернет басылымдары бағыты бойынша
Үздік журналистік материал үшін ұлттық сыйлық (1-, 2-, 3-орындар).
Шетелдік журналистің Өзбекстан туралы үздік материалы үшін – 1 бірінші орын, 4 екінші орын (ТВ, радио, баспа және интернет басылымдары бағыттары бойынша).
Сондай-ақ 12 ынталандыру номинация енгізілген. Бұл номинациялар бойынша қосымша хабарланатын болады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне:
Ұлттық бас жүлде иегеріне арнайы диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және жеңіл автокөлік салтанатты түрде табысталады.
Бірінші орын алған жеңімпаздарға диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептеу мөлшерінің 200 еселенген көлемінде ақшалай сыйлық;
Екінші орын алғандарға диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептеу мөлшерінің 175 еселенген көлемінде ақшалай сыйлық;
Үшінші орын алғандарға диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептеу мөлшерінің 150 еселенген көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.
Ынталандырушы номинациялар жеңімпаздары диплом, «Алтын қалам» мүсіншесі және базалық есептеу мөлшерінің 100 еселенген көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталады.
Байқауда әрбір қатысушының 2025 жылғы 22 сәуірден 2026 жылғы 22 сәуірге дейін баспа және интернет басылымдарында жарияланған, радио мен телевидениеде эфирге шыққан 5-тен 7-ге дейінгі материалы қарастырылады.
Егер шығармашылық ұжым – газет редакциясы қатысса, газетінің 5–7 саны, ал теле немесе радио арна ұжымы қатысса, 5–7 ең үздік бағдарлама немесе хабардың электрондық нұсқасы (немесе сілтемесі) ұсынылады.
«2025 жылы жарық көрген публицистикалық жанрдағы ең үздік кітап» атты ынталандырушы номинация бойынша қатысқысы келетіндер Өзбекстан Журналистер одағына кітабының бір данасын ұсынады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстарға мына құжаттар қоса жіберіледі:
– автор және оның кәсіби қызметі туралы қысқаша мәлімет;
– автордың паспорты немесе ID-картасының көшірмесі, телефон нөмірі.
Ұжымдық қатысушы БАҚ-тың тіркелгенін растайтын куәлік көшірмесі және ұйым басшысының күәлігі немесе ID-картасының көшірмесі.
Байқауға шығармашылық жұмыстар Өзбекстан Журналистер одағы және оның өңірлік бөлімдері, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көмегімен шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктер арқылы, сондай-ақ авторлардың өздерінен тікелей электрондық түрде байқау жарияланған күннен бастап осы жылдың 22 мамырына дейін қабылданады.
Материалдарды тапсыру тәртібі:
– баспа бағыты бойынша – газет немесе журналда жарияланған материалдың нұсқасы (PDF форматында);
– интернет басылымдары бойынша – материал сілтемесі (линк);
– телевидение бойынша видеоматериалдар – 3-тен 30 минутқа дейінгі видеоматериал (аннотациясымен);
– радио бойынша аудиоматериалдар – 3-тен 30 минутқа дейінгі аудиоматериал (аннотациясымен);
– фотожурналистика бойынша – (JPEG, TIFF, PNG форматтағы жұмыстар аннотациясымен).
Материалдар Өзбекстан Журналистер одағының info@jurnalistlar.uz электрондық поштасына немесе Telegram мессенджеріндегі +99870-484-71-79 нөміріне ашылған (OLTIN QALAM 2026) парақшасына жіберілуі тиіс.
«Алтын қалам» ұлттық сыйлығы халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 27 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай өтетін салтанатты шарада марапатталады.
Байланыс телефондары:
71 244-37-87, 71-244-64-62.