Өзбекстанның Жаңа Зеландиядағы алғашқы елшісі тағайындалды
Веллингтон қаласындағы «Government House» резиденциясында өткен салтанатты рәсімде Өзбекстанның Сингапурдағы Төтенше және өкілетті елшісі Алишер Қаюмов Жаңа Зеландиядағы қоса атқарушы елші ретінде осы елдің Генерал-губернаторы Даме Синди Кироға сенім грамоталарын табыс етті.
Хабарда айтылуынша, өзара сұхбат барысында тараптар соңғы жылдары жүйелі түрде дамып келе жатқан Өзбекстан – Жаңа Зеландия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, ғылым, білім беру және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Даме Синди Киро Өзбекстан Президентінің басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан кең ауқымды реформаларды жоғары бағалап, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, азаматтық қоғамды дамыту және халықаралық бизнес үшін қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында қол жеткізілген нәтижелерді ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Алишер Қаюмов 2024 жылдың наурыз айында Өзбекстанның Сингапурдағы елшісі қызметіне кіріскен болатын. 56 жастағы дипломат Ташкент мемлекеттік университетін (қазіргі УзМУ) бітірген. Ұзақ жылдар бойы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі жүйесінде (қазіргі Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі), сондай-ақ Германиядағы елшілікте сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші ретінде жұмыс істеген.