Өзбекстан Президенті Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 7 сәуір күні Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Мемлекет басшысы Валентина Матвиенконы туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тіледі.
Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға екі ел парламенттерінің елеулі үлес қосып келе жатқаны атап өтілді.
Парламенттердің жоғары палаталары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырыстары жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық ассамблеясы аясындағы өзара байланыстар да нәтижелі жолға қойылған.
Сұқбат соңында Өзбекстан басшысы екі ел парламенттері арасындағы тығыз әрі нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қолдау білдіретінін тағы бір мәрте растады.