Трамп АҚШ авиация жүйесіндегі мәселелерге Байден әкімшілігін кінәлады
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) жұмысындағы ақауларға Джо Байден әкімшілігін айыптады.
«АзерТАЖ» агенттігінің хабарлауынша, Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында Байден әкімшілігі авиация жүйесіне үлкен зиян келтіргенін және қаражаттың тиімсіз жұмсалғанын атап өткен.
Еске салайық, жұма күні FAA-ның 22-аймақтық әуе қозғалысын басқару орталығындағы жабдықтардың істен шығуына байланысты рейстер кешіктірілген болатын. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.