Шри-Ланкада 110 килограмнан астам есірткі тасымалдаған монах қолға түсті
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласындағы Бандаранаике халықаралық әуежайында жүгінде 110 килограмнан астам «Куш» сұрыпты күшті каннабис табылған 22 монах қолға түсті.
BBC хабарлауынша, сапарды ұйымдастырған тағы бір монах кейінірек астана шетінде қолға түскен.
Шри-Ланка кеден қызметінің мәліметінше, монахтардың әрқайсысы (негізінен студенттер) чемодандарға шебер жасырылған шамамен 5 келіден есірткі алып жүрген. Топ белгісіз демеуші ұйымдастырған Таиландтағы төрт күндік толық төленген демалыстан қайтып келе жатқан.
Қамауға алынғандардың бірі (сапарға шықпаған 23-монах) өзгелерді «бұл қайырымдылық» деп сендіріп, жүктемелерді алып кетуге фургон келетінін айтқан.
Барлық ұсталғандар полицияға тапсырылған. Қазіргі уақытта тергеу басталған. Тәркіленген есірткі заттарының құны миллиондаған доллармен бағаланып отыр.
Бұл оқиға монахтар ерекше құрметке ие буддистік елде үлкен таңданыс туғызды.