Оңтүстік Африка Республикасы мигранттарға қарсы наразылықтардан кейін баспана беру тәртібін өзгертті
Оңтүстік Африка Республикасы Ішкі істер министрлігі Йоханнесбург пен Дурбанда мигранттарға қарсы зорлық-зомбылықпен өткен наразылықтардан кейін баспана сұрап берілген өтініштерді қабылдау тәртібіне қатысты нұсқаудың күшін жойды.
Бұл құжат елге заңсыз кірген адамдардың босқындарға баспана беру жүйесін пайдалануына тыйым салуды заңсыз деп таныған Конституциялық соттың шешімі негізінде шығарылған болатын.
ОАР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өтініштер қаралатын орталықтарға келушілер саны шамадан тыс көбейген. Бұл қызметкерлердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қоғамдық тәртіптің бұзылуына әкелген. Үкімет Конституциялық соттың шешімі туралы жалған ақпарат таралғанын атап өтіп, бұл шешім заңсыз мигранттарға босқын мәртебесін немесе тұрақты тұру құқығын автоматты түрде бермейтінін еске салған.
Айта кетейік, екі ірі қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде наразылық білдірушілер 24 автокөлікті өртеп, шетелдіктерге тиесілі дүкендерді тонаған. Ішкі істер министрлігі мен полицияның жедел шараларының нәтижесінде аймақтағы жағдай тұрақтанған.