Мәскеу – Нөкіс бағыты бойынша тұрақты әуе рейсі іске қосылады
2026 жылдың 4 сәуірінен бастап Ресей Федерациясының «Победа» әуе компаниясы Мәскеу – Нөкіс – Мәскеу бағыты бойынша тұрақты әуе рейстерін орындайтын болады.
Аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалатын рейстер жолаушыларға сапарды алдын ала жоспарлауға кең мүмкіндік береді.
Таң самалымен Нөкістен көкке көтерілген әуе лайнері небәрі бірнеше сағат ішінде Мәскеуге жетсе, түнгі уақытта Ресей астанасынан ұшқан ұшақ таң шапағымен қайтадан Нөкіс аспанында қалықтайды. Ұшу уақыты – 08:20, Мәскеуге қону – 11:00, кері бағытта ұшу – 03:30, Нөкіске келу – 07:00.
Билеттерді әуе кассаларынан немесе ресми сайттар арқылы оңай әрі жылдам сатып алуға болады.