Калифорнияда ұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Фресно әуежайының маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан екі бала көз жұмды, тағы екі ересек жолаушы ауыр жарақат алды.
Хабарда айтылғандай, бортында төрт адам болған ұшақ 5 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 13:50 шамасында Сьерра-Скай-Парк маңындағы Сан-Хоакин өзенінің жағасына құлаған. Құтқарушылар әуе кемесінің қалдықтарын өзенге жақын жардан тапты.
"Abc" басылымының мәліметінше, оқиға орнына жақын төбе баурайында өрт шыққан.
Жағдайы ауыр екі ересек адам дереу ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта елдің Федералды авиация басқармасы мен Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесінің мамандары әуе апатының себептерін зерттеп жатыр.