Индонезияда паром апаты салдарынан алты адам қаза тапты
Индонезия жағалауына жақын маңдағы Ява теңізінде паром апаты салдарынан алты адам қаза тапты.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, 130-ға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен.
Хабарда айтылғандай, бортта 213 жолаушы мен 30 экипаж мүшесі болған. Содан тек 107 адам ғана құтқарылған. «Virgo Transport 8» паромы Индонезияның Ява және Борнео аралдары аралығында қатынайтын еді. Ресми өкілдердің айтуынша, кеме дауылға тап болып, аударылып кеткен.
Апат сигналын бермес бұрын, капитан биіктігі 3 метрге дейін жететін толқындар туралы хабарлаған.
Құтқару операциясына бірнеше кемелер мен тікұшақтар тартылған.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 13 қыркүйекке қараған түні орын алған. Индонезия құтқару агенттігінің хабарлауынша, паром Басирих айлағынан 80 теңіз милі қашықтықта болғанда байланыс үзілген.