ӘЧ-2026 іріктеуі. Түркия финал ойынына жолдама алды
ӘЧ-2026 іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында өнер көрсетіп жатқан Түркия ұлттық құрамасы өз алаңында Румыния құрамасын қабылдады.
Кездесуде түркиялықтар 53-минутта Ферди Кадиоғлу соққан голдың арқасында жеңіске жетіп, плей-оффтың финалдық ойынына жолдама алды.
ӘЧ-2026 қарсаңында Винченцо Монтелла шәкірттері сырт алаңда Словакия – Косово жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ойын 31 наурыз күні өтеді.