АҚШ-та Трампқа қарсы наразылық күшейді
Америка Құрама Штаттары мен бірқатар Еуропа елдерінде «Құқықсыз билікке жол жоқ» ұранымен 3300-ден астам наразылық акциясы өтті. Қатысушылар президент Дональд Трамптың саясатына қарсылық білдірді.
Reuters агенттігінің мәліметінше, шерулерге жалпы саны 8 миллионға жуық адам қатысқан.
Наразылық білдірушілер Трампты демократиялық институттарды әлсірету, билікті шектен тыс шоғырландыру сияқты әрекеттері үшін айыптауда. Сонымен қатар, олар АҚШ–Израиль қатынастары мен иммиграциялық саясаттың қатаюына қарсы шықты. Шерулерде «Құқықсыз билікке жол жоқ», «Трампты тоқтатыңдар, демократияны сақтаңдар», «Өз бетінше соғыс бастауға жол берілмесін» сияқты ұрандар көтерілді.
Жаппай акцияларға Голливудтың атақты актері Роберт Де Ниро және Брюс Спрингстин секілді танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері де қатысты.