Өзбекстандық 11 жастағы шахматшы қыз ФИДЕ спорт шебері атағын алды
Хуснитдинова Хуснорахон небәрі 11 жасына шахматтан әйелдер арасында ФИДЕ спорт шебері атағын алды.
Бұл туралы Өзбекстан шахмат федерациясы хабарлады.
«11 жастағы Хуснорахон тарих жаңартты!
Дарынды шахматшымыз Хуснитдинова Хуснорахон Өзбекстан шахматы үшін тағы бір ұмытылмас нәтижеге қол жеткізді. Ол небәрі 11 жасында FIDE әйелдер арасындағы спорт шебері (WFM) атағына ие болды!
Хуснорахон Өзбекстан тарихында бұл деңгейге жеткен ең жас шахматшылардың бірі ретінде тарих жазды», – делінген хабарламада.
Бұған дейінгі ең үздік нәтиже 12 жастағы Сарвиноз Бегмуратова тарапынан тіркелген еді.