Өзбекстан Президенті Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің басшысын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 4 маусым күні Қытай Халық Республикасының Сянган (Гонконг) Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің басшысы Ли Цзячао бастаған делегацияны қабылдады.
Сұхбат барысында Ли Цзячао Мемлекет басшысына Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің жылы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесуде Өзбекстан – Қытай ынтымақтастығын, соның ішінде Гонконгпен өңіраралық алмасулар мен практикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы одан әрі дамыту мәселелері қарастырылды.
Сұхбат барысында соңғы жылдары Өзбекстан мен Қытай арасындағы достық және жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастары бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілгені атап өтілді.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдер жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мамыр айында Бейжің қаласында үкіметаралық комиссия отырысы мен Сиань қаласында үшінші өңіраралық форум сәтті өткізілді, Гонконгта экономикалық форум мен өнеркәсіптік көрме ұйымдастырылып, Өзбекстанның сауда үйі ашылды.
Өзбекстан өңірлерінің Гонконгпен экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін бар әлеуетті тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді. Ташкент қаласына Гонконг іскер топтарының үлкен делегациясының келуі осы бағыттағы серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірілді.
Сауда-экономикалық және қаржы байланыстарын кеңейту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, білім беру, туризм және іскерлік алмасуларды жандандыру, сондай-ақ тікелей әуе рейстерін ашу және азаматтарға консулдық қызметтерді жетілдіруді көздейтін кешенді ынтымақтастық бағдарламасын қабылдау қажеттігі айтылды.
«Жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы, биотехнологиялар, цифрлық экономика, финтех, инновациялық стартаптар және жасанды интеллект негізгі басым бағыттар ретінде аталды.
Ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен «жол картасын» қабылдау, сондай-ақ Іскерлер кеңесін құру және жақын уақытта Гонконгпен екіжақты негізде визасыз режим енгізу жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Суҳбат чоғида сўнгги йилларда Ўзбекистон билан Хитой ўртасидаги дўстлик ва янги даврдаги ҳар томонлама стратегик шериклик муносабатлари мисли кўрилмаган даражага кўтарилгани катта мамнуният билан қайд этилди.
Олий даражада эришилган келишувлар изчил амалга оширилмоқда. Май ойида Пекин шаҳрида Ҳукуматлараро комиссия йиғилиши ва Сиань шаҳрида учинчи Ҳудудлараро форум муваффақиятли ўтказилди, Гонконгда иқтисодий форум ва саноат кўргазмаси бўлиб ўтди, Ўзбекистон савдо уйи очилди.

Ўзбекистон ҳудудларининг Гонконг билан иқтисодий ҳамкорлигини ривожлантириш учун мавжуд салоҳиятдан самарали фойдаланиш муҳимлигига алоҳида эътибор қаратилди. Тошкент шаҳрига Гонконг ишбилармон доиралари вакилларидан иборат катта делегация ташриф буюргани ушбу йўналишдаги шерикликни янада ривожлантиришга хизмат қилишига ишонч билдирилди.
Савдо-иқтисодий ва молиявий алоқаларни кенгайтириш, саноат кооперациясини йўлга қўйиш, таълим, туризм ва ишбилармонлик алмашинувларини ривожлантириш ҳамда тўғридан-тўғри авиақатновлар ва фуқароларга консуллик хизматлари кўрсатишни йўлга қўйишни назарда тутувчи комплекс ҳамкорлик дастурини қабул қилиш муҳимлиги таъкидланди.

“Яшил” энергетика, қишлоқ хўжалиги, биотехнологиялар, рақамли иқтисодиёт, финтех, инновацион стартаплар, сунъий интеллект ва бошқалар устувор соҳалар сифатида қайд этилди.
Ҳамкорликнинг устувор йўналишлари бўйича қўшма “йўл харитаси”ни қабул қилиш, шунингдек, Ишбилармонлар кенгашини ташкил этиш ҳамда яқин фурсатда Гонконг билан икки томонлама асосда визасиз тартибни жорий этиш юзасидан келишувга эришилди.