Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920-дан асты
Венесуэлада болған екі күшті жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 920 адамға жетті. Тағы 3 300-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штатында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында армия бақылау орнатты.
Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді. Оның айтуынша, құтқарушылардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Сонымен қатар, ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо Ла-Гуайраға апаратын барлық автожолдардың уақытша жабылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, бұл шешім аймаққа қажетсіз адамдардың кіруін шектеуге, эпидемиологиялық қауіптердің алдын алуға және құтқару жұмыстарын жеделдетуге бағытталған.