Үндістанда «iPhone» бөлшектерін шығаратын зауыттың үш жұмысшы қаза тапты
Үндістанның Тамилнад штатындағы «Apple» компаниясына арналған «iPhone» бөлшектерін шығаратын «Tata Electronics» зауытында үш жұмысшы тұншығып көз жұмды.
Оқиғаға байланысты компания мен жергілікті билік тексеру жұмыстарын бастады. Қайғылы жағдай Хосур қаласында болған.
Соңғы жылдары Үндістандағы «Apple» серіктестерінің зауыттарында бірқатар келеңсіздік тіркелген. Атап айтқанда, «Tata» зауытында экологиялық талаптардың бұзылғаны туралы айыптаулар айтылса, «Foxconn» кәсіпорнында еңбек құқықтарына қатысты жағдай тексерілген.
Бұдан бөлек, елдегі «Apple» жеткізушілерінің зауыттарында өрт, жұмысшылар наразылығы және өндірістегі үзілістер де болған.