Сенат: Өзбекстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық нығаяды
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатында Германия Федератив Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа істері жөніндегі мемлекеттік министрі Гюнтер Крихбаум бастаған делегациямен кездесу өтті.
Сенат Төрағасының бірінші орынбасары Содиқ Сафоев осынау кездесуде өзара сенім мен стратегиялық серіктестік қағидаттарына негізделген Өзбекстан–Германия қатынастарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Екіжақты ынтымақтастыққа тұрақты серпін беріп отырған жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалогтың маңызы ерекше екені де айтылды.

Тараптар парламентаралық байланыстарды одан әрі тереңдету, соның ішінде тиісті комитеттер мен ынтымақтастық топтары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру және өзара сапарларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында пікір алмасты.
Кездесу соңында Өзбекстан мен Германия арасындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласты.