Қырғызстан Ирандағы елшілігін уақытша жапты
Қырғыз Республикасының Ирандағы елшілігі өз қызметін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Кабар ақпарат агенттігі.
Хабарда айтылғандай, бұл шешім өңірдегі ахуалға байланысты сақтық шарасы ретінде қабылданған.
Ресми мәлімдемеде Иран аумағында жүрген Қырғызстан азаматтарына сақтық шараларын күшейту, жеке қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, адам көп жиналатын орындар мен қауіпті аймақтардан аулақ болу, сондай-ақ жергілікті билік органдарының талаптарын бұлжытпай орындау ұсынылған.
Сонымен қатар, азаматтарға жеке басын куәландыратын құжаттарды әрдайым өзімен бірге алып жүру және ресми ақпарат көздерін тұрақты түрде қадағалап отыру кеңес етілген. Ведомство қазіргі жағдайда азаматтарды Иранға сапар шегуден уақытша бас тартуға шақырған.