Жавохир Синдоров Кипрдегі турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды
Өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдоров Кипрде өтіп жатқан Үміткерлер турнирінің 13-туры аясында нидерландық Аниш Гиримен тең түсіп, жарыста мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
20 жастағы Синдоров енді шахмат тәжіне ресми үміткер атанып, әлем чемпионы атағы үшін өтетін матчта Доммаражу Гукешпен кездеседі.
Еске сала кетейік, өткен жылы Жавохир Синдоров Әлем кубогының жеңімпазы атанып, Үміткерлер турниріне жолдама алған еді.