Германияда ұшқыштар ереуілге шықты
Германияда «Lufthansa Group» құрамындағы әуе компанияларының ұшқыштары ереуіл бастады.
Хабарда айтылуынша, бұл жағдай «Vereinigung Cockpit» кәсіподағының бастамасымен 13 сәуір күні басталған. Оған «Lufthansa Cargo», «Lufthansa CityLine» және «Eurowings» ұшқыштары да қатысып жатыр.
Кәсіподақ мәлімдемесіне сәйкес, ереуілге әуе компаниялары тарапынан корпоративтік зейнетақы бағдарламасы мен ұжымдық келісімдер бойынша жеткілікті ұсыныстардың болмауы себеп болған. Ұйым төрағасы Андреас Пиньейру бұл шешімді «келіссөздерді сақтап қалудың соңғы шарасы» деп атады.
Сондай-ақ, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Әзербайжан, Бахрейн, Мысыр, Израиль, Иордания, Ирак, Катар және БАӘ бағытындағы рейстер ереуілге енгізілмеген.
Наразылық шарасы Франкфурт әуежайы мен Мюнхен әуежайы рейстер кестесіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.