Әзірбайжанның Гянджа қаласында Өзбекстанның құрметті консулдығы ашылды
Әзірбайжанның көне қалаларының бірі Гянджа қаласында Өзбекстанның осы елдегі алғашқы құрметті консулдығы ашылды.
Өзбекстанның Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанаты Гянджа қаласының атқарушы билігінің басшысы Ниязи Байрамов, Гянджадағы Түркия және Грузия консулдықтарының басшылары, бизнес-қауымдастық өкілдері, ғылым өкілдері, белсенді азаматтардың және жергілікті БАҚ-тың қатысуымен өтті.
Өзбекстанның Әзірбайжандағы алғашқы құрметті консулы болып Кянан Жалилов тағайындалды.
Құрметті консулдық өз ауданында ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, инвестиция мен туристерді тартуға, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды дамытуға көмектеседі.
Ресми ашылу рәсімінен кейін елшілік қызметкерлері осы қалада тұратын жерлестерге көшпелі қабылдау ұйымдастырды.