Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруге деген әрекетін құптаймыз, Садық Сафоев
ӨР Олий Мажлис Сенаты төрағасының бірінші орынбасары Садық Сафоев Өзбекстан Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіруге деген табандылығын құптайтынын атап өтті.
– Біз Әзірбайжанның барлық саладағы, әсіресе аумақтық тұтастық пен әділеттілікті қалпына келтірудегі ілгерілеуіне қуанамыз. Әзірбайжанның барлық қиындықтарға қарамастан аумақтық тұтастығын қалпына келтіру және қорғау жолындағы әділ күресін қолдаймыз және үкімет пен халықтың табандылығын құптаймыз. Жақын арада Әзірбайжан Қарабақты әлемнің ең керемет өңірлерінің біріне айналдырып, Шуша құшағын айқара ашып, оның сұлулығынан ләззат алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтарды қарсы алатынына сенімдімін, – деген Садық Сафоев.