Әзірбайжандық спортшылар Еревандағы турнирге қатысудан бас тартты
Әзірбайжандық спортшылар Еревандағы ауыр атлетикадан Еуропа чемпионатына қатысудан бас тартты.
Бұған жағдайға Армения астанасындағы Еуропа чемпионатының ашылу салтанатында Әзірбайжан туын өртеп жіберген оқиға себеп болған. Осы көңілсіз жағдайдан кейін турнирге шақырылған әзірбайжандық ауыр атлеттер жарысқа қатысудан бас тартып, отандарына оралған.
Халықаралық турнирде бұзақылық жасаған азамат қолға алынып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.