Өзбекстанның Әзірбайжандағы елшілігі елдің халықаралық тасымалдаушыларына жүк көлігі жүргізушілеріне қатысты тыйымның бар-жоғын алдын ала тексеріп алуға кеңес берді.
Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл ұсыныс «Жоғарғы Ларс» бақылау-өткізу бекеті арқылы Грузия-Ресей шекарасынан өту кезінде жүргізушілердің Ресей аумағына кіруге тыйым салу жағдайларының жалғасуына негізделген.
Мұндай жағдайда, шекарадан өтіп бара жатқан жүргізушінің бұған дейін Ресей заңнамасын бұзғаны, оның ішінде түрлі айыппұлдарды төлемегені үшін депортацияланғандар тізіміне қосуы себеп болған.
Бұл жағдайлар COVID-19 пандемиясымен күресуде енгізілген шектеулер себепті де қиындай түсуде.
Өз кезегінде өзбекстандық дипломаттар әрбір жағдайда құқықтық көмек көрсетуге, отандастардың мүддесін қорғауға мақсатты күш салуда.
Осыған орай елшілік тағы да Өзбекстан халықаралық жүк тасымалдаушыларынан Ресей аумағына, соның ішінде Әзірбайжан мен Грузияға жөнелтілім жасамас бұрын шет елге кіруге тыйым салу бар-жоғын тексеруді сұрайды, делінген хабарламада.