Әзірбайжанда «Өзбекстанның мәдениет күндері» өтеді
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында 1-4 тамыз аралығында «Өзбекстанның мәдениет күндері» өтеді.
Бұл шара екі ел басшыларының жоғары деңгейдегі кездесулерінде қол жеткізілген келісімдер аясында ұйымдастырылып отыр.
«Өзбекстан мәдениеті күндері» бағдарламасынан Өзбекстаннан келген белгілі өнер қайраткерлерінің қатысуымен үлкен концерт қойылып, Әзірбайжан Ұлттық кітапханасы ғимаратында ұйымдастырылған «Өзбекстан әдебиеті мен өнері» бұрышының ашылу салтанаты өтеді.
Сондай-ақ өзбек романының негізін салушы Абдулла Қадиридің «Өткен күндер» шығармасының әзірбайжан тіліндегі басылымының тұсаукесері, ұлттық аспаздық және қолөнер көрмелері, театр ұжымының қатысуымен сахналық қойылымдар көрсетіледі.