Әзірбайжанда Өзбекстан Президенті сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
Әзірбайжанның Сабирабад ауданында Өзбекстан Президентін сайлауға мерзімінен бұрын дауыс беру пункті ашылды.
“Осы елдегі қандастарымыз конституциялық құқығын пайдаланып, мерзімінен бұрын дауыс бере бастады”, делінген Dunyo ақпарат агенттігі сайтында.
Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясының шешімімен Өзбекстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық және өзге де өкілдіктері жанынан 56 сайлау учаскесі құрылған.
Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы Президентінің сайлауында мерзімінен бұрын дауыс беру 28 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.