Әзірбайжан Өзбекстанға AstraZeneca вакцинасының 50 мың дозасын жіберді
Әзербайжан COVAX әлемдік бағдарламасы серіктесі ретінде Өзбекстанға 50 мың дозада AstraZeneca вакцинасын жіберді. Бұл вакциналар Әзербайжан Республикасы Елшілігінің қолдауымен Ташкентке әкелінді.
ЮНИСЕФ-пен серіктестікте вакциналардың барлық елдерде тең бөлінуін қамтамасыз ету мақсатында өткен осы операциядан кейін Өзбекстанның вакцина қоры 7 580 000 дозаға жетті, делінген ДСМ хабарында.

Естеріңізге сала кетейік, COVAX бағдарламасы бойынша осы жылдың наурыз айында Өзбекстанға 660 мың доза AstraZeneca вакцинасы жеткізілген болатын.