Әзірбайжан ресми түрде БРИКС-ке қосылуға өтініш берді
Әзірбайжан БРИКС мүшелігіне ресми түрде өтініш берді.
Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі елдің БРИКС-ке қосылуға өтініш бергенін хабарлады.
Әзірбайжанның Ресейдегі елшісі Полад Булбул елдің БРИКС-ке қатысуға мүдделі екенін бұған дейін мәлімдеген еді.
Қазіргі уақытта бұл бірлестікке Ресей, Бразилия, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Египет, Эфиопия, Иран және БАӘ мүше.
Малайзия шілде айында БРИКС-ке мүшелікке өтініш берген.