Әзірбайжан Президенті Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысын қабылдады
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов бастаған делегацияны Бакуде Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев қабылдады.
Министр Мемлекет басшысының әзірбайжандық әріптесіне шынайы сәлемін жеткізді.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Өзбекстан-Әзербайжан қарым-қатынасының бүгінгі оң қарқыны жоғары бағаланған.