Әзірбайжан мен Түркия биыл 16 бірлескен әскери жаттығу өткізеді
Түркия мен Әзірбайжан биыл 16 бірлескен әскери жаттығу ұйымдастыруға шешім қабылдады.
Бүгінге дейін жоспарланған жаттығулардың алтауы өтті. Бұл туралы президент Ильхам Әлиев түрік әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөзінің соңында мәлімдеді.
«Бүгін біз қорғаныс жүйесіндегі алдағы жоспарлар туралы әңгімелестік, 2023 жылға жалпы 16 бірлескен әскери оқу-жаттығу жоспарланғанын, оның алтауы қазірдің өзінде өткізілгенін атап өттік», - деді Әлиев.
Оның айтуынша, екінші Қарабақ соғысынан кейін Әзірбайжан армиясы түрік үлгісімен дамып келеді.
«Біз мұны нақты практикада көріп отырмыз», - деп қосқан Әзірбайжан басшысы.
Әлиев Баку мен Анкараның сыртқы саясат саласында біртұтас ұстанымнан әрекет етуді жалғастыратынын баса айтты. «Әзербайжан-түрік бірлігі факторы аймақтағы даму, тұрақтылық және қауіпсіздік үшін маңызды»,-деген ол.