Әзірбайжан мен Армения бейбіт келісімге қол қоюға жақын
Әзірбайжан мен Армения бейбіт келісімге қол қоюға жақын, екі ел де осыған қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салуда.
Бұл туралы Еревандағы баспасөз мәслихатында USAID басшысы Саманта Пауэр мәлім етті.
«Бүгін Армения бейбіт келісімге қол қоюға жақын, жылдарға созылған қақтығысты тоқтатуы мүмкін. Армения мен Әзірбайжан үкіметтерінің өкілдері бітімге келуге бағытталған келіссөздерді жалғастыруда. Америка Құрама Штаттары Арменияға осы тарихи сәтті пайдалануға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деген ол.