Ташкент қаласында Ritz Carlton брендімен 5 жұлдызды қонақүй құру жоспарланған.
Ташкент қаласының әкімшілігі III Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша практикалық іс-шаралар жоспарын жариялады.
«Жол картасына» сәйкес Ritz Carlton брендімен 5 жұлдызды қонақүй құру қарастырылған. Құны 200 миллион долларға бағаланған қонақүйді Әзірбайжанның Pasha Development компаниясы салып, 2025 жылдың наурыз айында тапсырады.
Қытайдың Guangdong Zomman Energy технологиялық компаниясы Ташкентте орналасқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың шатырларына 100 МВт күн батареяларын орнатады. Жобаның құны 100 миллион долларды құрайды, оны 2025 жылдың наурыз айында іске қосу жоспарланған.
Еске сала кетсек, III Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аясында 26,6 млрд долларлық келісімге қол қойылған еді.