«Zoom» басшысының байлығы бір тәулікте 6,6 млрд долларға өсті
«Zoom» акциялар нарығы 40 пайыздан жоғары өсуінің есебінен платформаның негізін қалаушысы Эрик Юанның дәулеті бір тәулікте 6,6 млрд долларға өсті
«Zoom» акциялар нарығы 40 пайыздан жоғары өсуінің есебінен платформаның негізін қалаушысы Эрик Юанның дәулеті бір тәулікте 6,6 млрд долларға өсті.
«Bloomberg» агенттігінің жазуынша, компания табысы әлемдік пандемияның әсерінен рекордтық деңгейде өсімі туралы қорытынды есепті жариялады. Оның негізінде Эрик Юанның байлығы бір тәулікте 6,6 млрд долларға өсіп 23 млрд долларға жетті. Өйткені онлайнды конференциялар қызметінің 50 млннан астам акциясы Юанның үлесінде.
«Zoom» акциялары қорытынды есеп шыққаннан кейін 40 пайыздан жоғары өскені мәлім болып, компания биылдың өзінде 663,5 миллион доллар табыс тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 355 пайызға жоғары.
2020 жылдың басында «Amazon» негізін қалаушы Джефф Безостың байлығы 24 сағат ішінде 13 миллиард долларға артқан болса, «Tesla» компаниясының басшысы Илон Масктың дәулеті де бәр тәулікте 8 миллиард долларға өсіп рекорд орнатқан еді.