Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Златан Ибрагимович футболдан шеттетілуі мүмкін
17:22 / 2021-04-15

«Милан» клубы және Швеция ұлттық құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимовичке ФИФА және УЕФА ережелерін бұзғаны үшін ұзақ уақытқа футболдан шеттетілуі мүмкін.

39 жасты аладоп шебері 2018 жылдан бері Bethard букмекерлік кеңсесінің 10 пайыздық үлесіне иелік етіп отырғаны хабарланды. Ол толықтай өзіне тиесілі Unknown AB фирмасы арқылы компания құқықтарына иелік еткен.

ФИФА мен УЕФА ережелеріне сәйкес, егер белгілі бір футболшының букмекерлік кеңселермен байланысы болса, ойыншы ұйымдардың атынан жарыстарға қатыса алмайды. Ибрагимович «Милан» клубы мен Еуропа лигасында ойнаған кезде және 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кездесулерінде Швецияға құрамасына оралғанда осы ережені бұзған.

Bethard букмекерлік кеңсесі Ибрагимовичтің әлі күнге дейін компанияның үлесіне ие екенін растады. Ал ережені бұзғаны үшін спортшыға 100 мың еуроға дейін айыппұл салынып, футболмен байланысты кез-келген шарада 3 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.

Sportbladet басылымындағы ақпаратқа сай, ФИФА мен УЕФА бұл жағдайға түсініктеме беруден бас тартқан.

Айта кету керек, Bethard букмекерлік кеңсесі Ибрагимович қатысқан Швеция ұлттық құрамасының Грузия мен Косовоға қарсы матчтарына «ставкалар» қабылдаған. Сондай-ақ кеңсенің платформасында тұрақты түрде А Сериядағы ойындарға ставка қоюға болады.