Зиярат орындарының бірыңғай ұлттық порталы ашылды
Өзбекстанда бірыңғай ұлттық туристік ақпараттық порталда зиярат орындарының фотосуреттері мен мекен-жайы және нысан туралы ақпарат жарияланды.
Туризм және мәдени мұра министрлігінің хабарлауынша, енді Өзбекстандағы зиярат орындары туралы мәліметті бірыңғай ұлттық туристік ақпараттық портал арқылы танысуға болады. Порталдағы мәліметтерден 20 тілде ақпарат алу мүмкіндігі бар.
«Uzbekistan.travel» бірыңғай ұлттық туристік ақпараттық порталында республика аумағындағы зиярат ететін орындар атауы, нысанның көрінісін бейнелейтін суреттері, мекен-жайы және нысан туралы қысқаша ақпарат орналастырылды.
Сонымен қатар, туристерді қызықтыратын Өзбекстанның табиғаты, ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлері және туристік инфрақұрылымы туралы мәліметтерді де осы порталдан табуға болады.