Әзірбайжанда Өзбекcтан киносы күндерінің апталығы өтіп жатыр
Апталық аясында екі елдің кинематографтары тәжірибе алмасып, кино жайлы қос елдің ерекшеліктерімен танысатын болады.
Осы жылдың 17 қарашасында басталған Өзбекстан киносы апталығы аясында екі елдің кинематографтары тәжірибе алмасып, кино жайлы қос елдің ерекшеліктерімен танысатын болады.
Өзбекстан киносы апталығы аясында әзірбайжандық көрермендерге 10 фильм (6 көркем және 4 деректі) көрсетіледі. Онда Абдухалил Мигноровтың «Әбу Иса Мұхаммед Термизи»(Абу Исо Мухаммад Термизий), Үмид Хамдамовтың «Ыстық нан»(Иссиқ нон), Зульфикор Мусаковтың «Берлин-Аққұрған»(Берлин-Оққурғон) және Хилол Насимовтың «Өмір»(Хаёт) туралы көркем фильмдері ұсынылады.
24-ші қарашаға дейін жалғасатын осы шаралар кезінде «Узбеккино» ұлттық агенттігінің делегаттары Әзірбайжанның Мәдениет министрлігімен кездесу де жоспарланған.