Әзірбайжан Қарабақтағы жеті ауылды-мекенді өз иелігіне алды
Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев елдің қарулы күштері Қарабақтың байланыс сызығындағы жеті ауылды-мекенді азат етті деп мәлімдеді
Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев елдің қарулы күштері Қарабақтың байланыс сызығындағы жеті ауылды-мекенді азат етті деп мәлімдеді.
Президент Алиев өз твиттеріндегі жазбасында: «Бүгін Әзірбайжан Армиясы Тартар ауданының Талыш ауылын, Джабраил ауданының Мехдили, Чахирли, Ашаги Маралян, Шайбей және Гуджаг ауылдары мен Физули ауданының Ашаги Абдуррахманли ауылын азат етті», деп мәлімдеді.
Таулы Қарабақ аймағындағы Армения мен Әзірбайжан арасындағы ауқымды әскери операциялар 27 қыркүйектен беріге жалғасып келеді. Күн өткен сайын күрделене түс алып жатқан мына жағдайға байланысты АҚШ, Ресей және Франция президенттері Армения мен Әзірбайжан басшыларына оқ атуды шұғыл түрде тоқтатып Таулы Қарабақ бойынша келіссөздерді қайта бастауға шақырған.
Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Баку тарапынан оқ атулар тоқтатуының жалғыз шарты ретінде, Таулы Қарабақ аймағынан Армян қарулы күштері толықтай тез арада шығып кетуі керек екенін айтқан.