English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Жыл құстарының үздік фотографы - 2020 жеңімпаздары анықталды
13:07 / 2020-08-22

Құстар әлемінің сұлулығы мен алуан түрлілігін түсіну мақсатында жыл сайын «Bird Photographer of the Year 2020» фотографтардың халықаралық байқауы өтеді


Құстар әлемінің сұлулығы мен алуан түрлілігін түсіну мақсатында жыл сайын «Bird Photographer of the Year 2020» (Жыл құстарының фотографы – 2020) фотографтардың халықаралық байқауы өтеді.

Жалпы жүлде қоры 20 мың фунт стерлингтен асатын биылғы байқаудың жеңімпаздары анықталып, бас жүлдеге бес мың фунт стерлинг «Жыл құсы фотографы» марапаты Норвегияда тұратын кувейттік Мажид әл-Заабиге нәсіп етті. Оның тәжді баклан құстары бейнеленген «Күн ұясына қалықтау» атты портреті Гран-при марапатына лайық деп табылды.

1.jpg
«Күн ұясына қалықтау» 

2.jpg
Итальяндық Франческо Филиппо Пеллеринидің «Игуазу сарқырамасындағы ұзын қанаттылар» картинасы «Табиғи мекендегі құстар» номинациясында жеңімпаз атанды.

3.jpg
Британдық фотограф Джеймс Хадсонның «Мандариндік абстракция» картинасы «Шығармашылық кескіндер» номинациясында бас жүлдені жеңіп алды.

4.jpg
Чехиядан келген Магдалена Страковойдың фотосуреті «Бақша мен қала құстары» номинациясында бірінші орынға ие болды.

5.jpg
Австралиялық фотограф Джордж Статлердің «Самғау» фотосымен «Үздік портфолио» номинациясыда үздік деп табылды.

6.jpg
Нидерландылық Рулоф Моленаардың суреті «Құстар қозғалысы» номинациясында жеңімпаз деп танылды.

7.jpg
Байқаудың «Ең жақсы қара - ақ фотосурет» неміс фотографы Роберт Соммердің «Бос нөмір» картинасына нәсіп етті.

8.jpg
«Детальдарға назар» номинациясында Израиль фотографы Моше Коэнанің «Мінсіз жасырыну» фотосуреті жеңімпазы атанды.

9.jpg
Тағы бір израильдік фотограф Гади Шмила «Құстардың самғауы» номинациясында ұшып баражатқан құстың бейнесі таспаланған фотосуреті үздік деп табылды.

10.jpg
«Шабыттандыратын кездесу» номинациясында автор Гэйл Биссонның «Үйге оралу» фотосы үздік жұмыс деп бағаланды.

11.jpg
«Жылдың ең жас фотографы» номинациясында 17 жастағы британдық Адам Лейк Девонширдеги түсірген көл аққуларының мөрмен жабылған фотосы байқауда үздік фотосурет деп бағаланды.